11 Желт 2020
Страницы Саз мектебі

Біз туралы

 «Ойыл  аудандық  балалар  музыка  мектебі» МКҚК  туралы мәлімет

Тіркелген мекен-жайы

Ақтөбе  облысы,  Ойыл  ауданы, Ойыл  селосы, Берсиев  көшесі № 44

Ашылған уақыты

 14.09.1999 ж  Ойыл  ауданының  әкімдігінің  №622  шешіміне  сәйкес

Мектеп директоры

Сабиржанова Лаззат  Ахметқызы

Мектеп ғимаратының жалпы аумағы

 443,7

Нысанның қызмет түрі

Қосымша  білім беру ұйымы                                           

Қолданыстағы инфрақұрылым

Мектеп типтік 1-қабаттан тұратын мекемеде орналасқан. Мектепте жалпы 7 оқу кабинеті бар.

Жабдықталған арнайы оқу кабинеттері:

Сольфеджио – 1

Дәстүрлі ән – 1

Баян – 1

Фортепиано – 1

Домбыра – 1

Вокал – 1

Хореография - 1

Оқушы саны

Барлығы – 562 оқушы

Сольфеджио (хор) – 60

Дәстүрлі ән – 20

Баян – 20

Қобыз – 20

Фортепиано – 46

Домбыра – 120

Вокал – 43

Хореография - 233

Мұғалімдер саны

Барлығы- 16  мұғалім

Жоғары білімді – 9      

Арнаулы орта білімді –7

Жоғары санатты – 1

Екінші санатты – 6

Зерттеуші – 3

Модератор – 1

Санатсыз – 5

Мұғалімдердің орташа жалақысы

180 000 теңге

 

 

«Ойыл  аудандық  балалар  музыка  мектебі» МҚКҚ  директоры Сабиржанова  Лаззат  Ахметовна

Туылған күні (күні, айы, жылы)/Дата рожения (число, месяц, год)

08.12.1980ж

Туылған жері / Место рождения

Ақтөбе  облысы, Ойыл  ауданы,

Ұлты / Националность

Қазақ

Білімі/Образование

Арнаулы  орта,  Жоғары

Оқу орнын бітірген жылы және оның атауы/Год оканчания наименование учебного заведения

2000жыл, Ақтөбе  гуманитарлық  колледжі;  2012жыл,  Қ.Жұбанов  ат.мемлекеттік  педагогикалық  институты.

Мамандығы бойынша біліктілігі/Квалификация поспециальности

Ұлт – аспаптар  ансамблі жетекшісі.

Музыкалық  білім

Мемлекеттік наградалары, құрметті атақтары/

Государсвенные награды, почетные звания

Ақтөбе  облысының білім  басқармасының Құрмет  грамотасы  2016ж, Ақтөбе  облысының  білім  басқармасының  құрмет  грамотасы 2018жыл, ҚР Білім  және  ғылым  министрлігінің  Алғыс хаты 2019жыл.

 

 

ЕҢБЕК ЖОЛЫ

ТРУДОВАЯ ДЕЯТЕЛЬНОСТЬ

Датасы/

Дата

 Лауазымы, жұмыс орны, ұйымның орналасқан жері/

Должность, место работы, место нахождение организации

қабылдаған/

приема

босатылған/

увольнения

01.09.2000ж

02.12.2002

Ақтөбе  қаласындағы №47  жеке  пәндерді  тереңдетіп  оқытатын  арнайы  мектеп.

26.11.2003ж

 

Ойыл  аудандық  балалар  музыка  мектебі МКҚК

Домбыра класы мұғалімі

4.10.2012ж бастап

 

Ойыл  аудандық  балалар  музыка  мектебі МКҚК

директоры

 

Ойыл аудандық балалар музыка мектебі туралы мәлімет

Ойыл ауданында балалардың бос уақытын тиімді пайдалануда музыкалық- эстетикалық бағытта тәрбиелейтін 50 жылдық тарихы бар «Ойыл аудандық балалар музыка мектебі» МКҚК 1971 жылы құрылды.

2012 жылдың қараша айынан бастап Лаззат  Сабиржанова  мектеп директоры қызметін атқарып келеді.

 2014 жылы мектептің ескі ғимараты апаттық жағдайда болуына байланысты арнайы тексеруден кейін жарамсыз деп танылып, бұзылды. Сол себепті музыка мектебі Ш.Бекмухамбетова атындағы мектеп-гимназиясының қосалқы ғимаратына көшірілді.

  2020-2021 оқу жылынының қазан айында ескі ғимараттың орнына  жеке кәсіпкер, облыстық маслихат депутаты  Т.М.Салфиковтың демеушілігімен жалпы құны 35 000 000 тг. болатын жаңа ғимарат қолданысқа берілді. Жалпы ауданы 448 м2 болатын мектепте 6 оқу кабинеті мен мәжіліс залы бар. Барлық кабинеттер арнаулы мектеп жиһазымен, стендтермен жабдықталды. Білім алушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында 8 камералы бейнебақылау жүйесі, өрт-дабыл қаққыш қондырғысы, турникет және жылы дәретхана жұмыс жасап тұр.

  2020-2021  оқу жылы барысында оқыту үдерісіне қажетті 10 дана домбыра, 2 дана ұрмалы аспап (дарбука, кахон), 1 дана электропианино, 1 дана музыкалық орталық, 2 дана ноутбук, 1 дана моноблок, 2 дана принтер, 1 дана дауыс зорайтқыш аппартурасы алынып, мектептің материалдық базасы жаңартылды.

 Қазіргі кезде балалардың бос уақытын тиімді өткізіп қана қоймай,  бастапқы музыкалық білім беріп, болашақ музыка мамандарын даярлайтын қосымша білім беру ұйымында 16 педагог қызмет етуде. Олардың  ішінде  жоғары білімді педагогтар саны– 9,

арнаулы орта білімді педагогтар саны–7.

Жоғары санатты педагогтар саны– 1

Екінші санатты педагогтар саны – 6

Педагог-зерттеушілер саны– 3

Педагог-модератор саны – 1

Санаты жоқ педагогтар саны  – 5

 

Домбыра, қобыз, эстрадалық вокал, дәстүрлі ән, баян, хор, хореография кластары бойынша 562 оқушы білім алуда. Сонымен қатар музыка мектебінің  Сапақкөл және Берсиев орта мектептерінде ашылған  филиалдарында 30 оқушы домбыра аспабы бойынша дәріс алуда.

Білім  беру  ұйымы  оқушыларының  жетістіктері:                           Мектеп оқушыларынан құрылған Үлгілі «Маржан» би ансамблі, «Жауқазын»,  «Үкілі домбыра» , «Салтанат»  дормбырашылар ансамблі, «Алақай» балалар хоры облыстық, республикалық, халықаралық конкурстар мен фестивальдердің жүлдегерлері болып келеді. Нұр-Сұлтан, Алматы, Атырау, Тараз, Шымкент және РФ Орынбор, Астрахань, Самара қалаларында өткен өнер байқауларының жүлдегерлері болып жүрген оқушыларымыз аудан мақтаныштары.

Музыка  мектебінің  өзекті  мәселесі:

Мекемені  газбен  жылытуға,  жылу  қазандығын  бөлек  орнату үшін жер  болмауына  байланысты  мүмкіншілік болмай  отыр.

 

Жаңалыктар
Пайдалы ақпараттық ресурстар